Farabi Atyrau International School оқушылары Сингапурда өткен STEM.Co халықаралық олимпиадасында Қазақстанның намысын абыроймен қорғады. Бұл олимпиада Сингапур математикасы бағытындағы беделді халықаралық білім сайыстарының бірі болып саналады.
Халықаралық кезеңнің қорытындысы бойынша оқушыларымыз жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
Алиаскар Жармаганбетов, 5В — 2 орын
Тамерлан Серик, 2В — 2 орын
Марғұлан Елтай, 3В — 2 орын
Алиби Иклассов, 6С — 2 орын
Али Султан Сабыртай, 4В — 2 орын
Аяна Нурсултан, 4А — 3 орын
Ансар Нурадин, 5В — 3 орын
Алан Орынбай, 5D — Құрметті марапат
Сонымен қатар, Аяна Нұрсұлтан халықаралық Talent Show байқауына қатысып, Сингапур сахнасында қазақтың ұлттық аспабы домбырада өнер көрсетті. Өзінің жоғары шеберлігі үшін ІІ орынға ие болып, арнайы сыйлық ретінде iPhone 17 телефонымен марапатталды.
Бұл жетістік оқушыларымыздың тек академиялық білімде ғана емес, шығармашылық және мәдени бағыттарда да жоғары деңгейде дамып келе жатқанын көрсетеді.
Farabi Atyrau International School оқушыларын, ата-аналарын және ұстаздарын халықаралық жетістіктерімен құттықтаймыз!


