350 Қабылдау
Farabi оқушылары Шанхайдағы әлем чемпионатында ТОП-10 қатарына енді
23 Июнь 2026

Farabi Atyrau International School оқушылары Қытайдың Шанхай қаласында өткен FAI World Drone Soccer Championships 2025әлем чемпионатына қатысты.

Команда құрамында Абдулов Дамир Русланұлы (11В), Абилғазиев Альтаир Асқарұлы (8С) және Қожабалуан Мадияр Ғалымұлы (10В) өнер көрсетті. Команданы Farabi International School мектебінің робототехника және радиотехника пәнінің мұғалімі Александр Шимановский дайындады.
Әлемнің 18 елінен 40-тан астам команда қатысқан чемпионатта Farabi оқушылары әлемнің ТОП-10 үздік командасының қатарына енді..

Бұл жетістік оқушыларымыздың инженерлік ойлау, командалық жұмыс және заманауи технологиялар бағытындағы жоғары дайындығын көрсетеді.