Farabi Atyrau International School оқушылары робототехника бағыты бойынша Орталық Азиядағы ең ірі инженерлік жарыстардың бірі — Central Asia FIRST Championship халықаралық чемпионатына қатысты. Central Asia FIRST Championship. Мектеп атынан чемпионатқа 3-сыныптан екі команда және 10-сыныптан екі команда қатысты. Бастауыш сынып оқушылары FIRST LEGO League Explore санатында өз жобаларын сәтті қорғап, Skill Builder Award және Brightest Presentation Award номинацияларымен марапатталды. Ал 10-сынып оқушылары робототехникадағы ең беделді бағыттардың бірі — FIRST Tech Challenge (FTC) санатында бақ сынады. Айта кету керек, FTC командалары бұған дейін FIRST Burabay Regional, FIRST Mangystau Regional және FIRST Batys Robotics & Drones чемпионаттарына қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Олардың қоржынында:
Inspire Award Winners — I орын
Inspire Award Winners — II орын
Best Design Award — II орын
Innovation Award — II орын
Think Award Winners
Finalist Alliance
Осы жетістіктердің нәтижесінде оқушыларымыз Central Asia FIRST Championshipкезеңіне жолдама алып, халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтады.


